Өскемен
-12°
пасмурно ветер 1,8 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

ШҚО-да жылусыз қалған ауылдарға газ беріліп жатыр

4.11.2022, 09:30 116 0 Ләззат Қанатқызы

1 қараша күні сағат 12.00 шамасында Зайсан ауданында жоғары қысымды магистральдық құбырдан газ шығып, бірқатар ауылдар жылусыз қалған еді.

Газсыз қалған елді мекендер ішінде, Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдары бар.

Қазір аталған 9 ауылға қайтадан газ беріліп жатыр.

- Газ құбырын жөндеу жұмыстары аяқталды. «ҚазТрансГаз», «Интергаз» мекемелерінің мамандары газ реттеу жұмыстарын жүргізу үшін әр ауылға барады. Олар арнайы құрылған штаб мүшелерімен бірге үйлерді аралайды, - дейді аудан әкімі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив