Өскемен
-26°
плотный туман ветер 1 м/с, З
460.43 501.04 6.65

ШҚО-да жұмыссыз тұрғындар онлайн курс оқыды

21.11.2022, 10:31 126 0 Ләззат Қанатқызы

Күршім ауданы бойынша жыл басынан бері  4 рес бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, 449 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқан.

Жыл басынан жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орнына, қоғамдық жұмысқа, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобасы бойынша алғашқы жұмыс орнына 346 адам тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қысқа мерзімді курс бойынша 49 адамға жоспарланып, 50 адам жіберілді. Бүгінгі күні 15 адам - тракторист-машинист, 20 адам - дәнекерлеуші, 11 адам - жүк тиегіш машинист, 4 адам - ветсанитар мамандықтарына оқытылды. Енді олар жұмыс берушілердің тапсырысы негізінде барлығы өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасады, - деп түсіндірді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов.

Сонымен қатар, Enbek.kz сайты бойынша 56 жұмыссыз тұрғын қажетті мамандықтар бойынша онлайн оқу оқып, сертификат алды.

- «Бастау бизнес» жобасын да айта кету керек. Аталмыш жоба аясында 128 адам оқып, жеке бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 41 адамға гранттық қаржы жоспарланып, берілді, - дейді аудан әкімі.

Атап айтқанда, гранттық қаржы жұмысқа жарамды мүгедектерге, жастарға, көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға табысталған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив