KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Күршім ауданына көшіп барғандаға тегін үй беріледі

21.12.2022, 16:38 411 Ләззат Қанатқызы

Күршім ауданына қарасты Маралды ауылындық округінің әкімі көп балалы немесе оқушысы бар отбасыларды көшіп келуге шақырады.

Округ әкімнің айтуынша, көшіп келетіндер болса тегін үймен, жұмыспен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқыған дипломы болса подъемный қарастырылады және бюджеттік мекемеге жұмысқа орналастырылмақ. Ал, әйел адамдарға аспазшы, еден жуушы, нан пісіруші сияқты жұмысқа орын бар көрінеді.

- Машина,тракторға тәжірибесі болса кен өндіру фабрикасынан жұмыс беріледі.Еңбекақысы 15күн вахтаға- 150-250мың. Мал шаруашылығымен айналысатын болса жер телімі бөліп береміз. Кәсіптің басқа түрлерімен де айналысуға болады. Ауылымызда 11 жылдық мектеп, шағын орталық балабақша,аурухана және ауылдық клуб, орман шаруашылығы сияқтылар жұмыс істейді. Ниет білдірген отбасылар болса 8 705 508 96 32 (Ватсап) нөміріне хабарласуға болады, - дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Досым Жұмағалиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив