KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Тарбағатай: Бензин бағасы арзандай ма?

10.01.2023, 18:20 1 277 Ләззат Қанатқызы

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Тарбағатай ауданының тұрғындары жанармай бағасының қымбаттағанын айтып шағымдануда.

Қазір аудан орталығында жанармай литріне 200-210 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының соңында әлеуметтік желілерде аталмыш аудандағы бензин тапшылығы туралы видео тарап, тұрғындар кәсіпкерлердің бағаны көтеру үшін қолдан жасаған "тапшылығы" екенін айтқан болатын.

- Біздің ауылда 3 жанармай бекеті бар. Қазір жанармай бағасы біреуінде литріне 200, ал қалған екеуі 210 теңгеден сатып жатыр. Мұндай баға бізде ғана, керек болған соң еріксіз аламыз. Көршілес аудандарда, қалада да 180-182 теңгеден сатылады, - дейді тұрғындар.

Ал, аудан әкімдігі кәсіпкерлердің бензинді Павлодар қаласынан алатынын алға тартып, бағаның өсуіне арадағы делдалдар әсер етіп отырғанын айтады.

- Тарбағатай ауданы бойынша бензин бағасы 200 теңгеден болып тұр. Себебі Тарбағатай ауданына жақын мұнай өнімдерін өндіретін зауыт Павлодар қаласында орналасқан. Алайда. тікелей зауыттан алуға кәсіпкерлердің шамасы келмей отыр. Сондықтан Тарбағатай аудан әкімі атынан 09.01.2023 жылы энергетика минстрлігіне Павлодар мұнай өнімдері зауытынан жанар-жағармайды тікелей алуға қолқабыс етулерін сұрап хат жазылды. Себебі арадағы делдалдар бағаның өсуіне әсер етуде. Жауабын күтудеміз, - дейді Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейрамбек Мұқатов.

Мәселенің нақты қанша уақытта шешілетіні әзірге белгісіз, ал оған дейін жанармай бағасы еш өзгеріссіз қала бермек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив