KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Риддерде үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін отын қоры жеткілікті ме?

24.01.2023, 09:37 305 Ләззат Қанатқызы

Риддерде үйлерге жылу тұрақты түрде беріліп жатыр. Ал, жылуды ұстап тұру үшін отын қоры жеткілікті. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір жылу электр орталығында көмір де, мазут та бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Көмір қоры бар. Бұрын қалай берілді, қазірде дәл солай беріліп жатыр. Жылу электр орталығындағы 2 қазандыққа көмір көлемін арттырдық. Яғни, мазут пен көмірмен аралас жағылуда, ал алған қазандықтар тек мазутпен жылынады, - дейді Ержан Нұрбаев.

Сондай-ақ ол жылу электр орталығында 20 мың тоннадан астам көмір қоры бар екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив