Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 4 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

ШҚО: Қай аудандарда су тасқыны қаупі басым?

3.02.2023, 10:10 471 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс бойынша Глубокое және Алтай аудандарында су тасқыны қаупі басым екені анықталды.

ТЖД 1 ақпаннан бастап өңірде жоғары дайындық режімін жариялаған болатын. Осыған байланысты аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен өткен кеңес барысында  су тасқыны болуы мүмкін барлық елді мекендерді тексеру керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы ШҚО-да қалың қар жауып, көктемде бірнеше елді мекен мен қалаларды су басқан болатын.  Ал, биыл қар жамылғысы 2018 салыстырғанда жоғары екені белгілі болды.

- Барлық қауіпті аймақты бақылауда ұстауымыз керек. Сорғылардың жұмысын тексеріп, өзендерде жарылыс жасаңыздар. Су тасқыны барлық жерде бірдей басталмайтынына ешкім кепілдік беріп отырған жоқ. Сол үшін сын сағатты күтпей, төтенше жағдайдың алдын алу үшін жұмыс істеңіздер, - деді облыс әкімі.

Қазіргі күні су тасқыны қаупі басым негізгі аудандар анықталған. Ол тізімде Глубокое және Алтай аудандары көш бастап тұрған көрінеді.

Ал, синоптиктер биыл ақпан айында күн райы жылы және тағы да қалың қар жауады деп болжап отыр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив