KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Алтай ауданында мұз жару жұмыстары жалғасуда

Шартты сурет

11.03.2023, 12:50 240 Ләззат Қанатқызы

Су тасқыны қаупін алдын алу үшін Алтай ауданында мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары басталды, деп хабардайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір Алтай ауданында су бұру арналарын, көпірлерді, арық жүйелерін, су өткізу құбырларын тазарту сияқты жұмыстар жүргізілуде.

- Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары басталды. Тұрғысын ауылының маңында 20 мың шаршы метр аумақта мұз жарылды,-деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы төрт күн ішінде өзендегі жарылыс жұмыстары Малеевск, Богатырев, Быков және Зубовск ауылдарының маңында өтеді. Құтқарушылардың айтуынша, Алтай ауданында 12 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив