KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 8 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Су құбыры желілерінің құрылысы биыл аяқталады – Ұлан ауданы

Шартты сурет

15.03.2023, 17:47 223 Ләззат Қанатқызы

Ұлан ауданында халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Пролетарка, Айтықов, Жоғары Тайынты ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша биыл аяқталуы керек.

Өткен 2022 жылы Қасым Қайсенов кентінде және Мамай батыр ауылында сумен жабдықтау және су бұру желілеріне жөндеу жүргізілген.

- Биыл Бозанбай ауылы мен Асубұлақ кентінде сумен жабдықтау желілерін реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді жоспарлап отырмыз, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Сондай-ақ ауданда құбырларының құрылысын және суды тазартудың блоктық-модульдік станцияларының құрылысын ескере отырып, халықты орталықтандырылған сумен қамту 75,2% - дан 90,9% - ға дейін ұлғаймақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив