KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 7 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Алтай ауданында дәрігерлер жетіспейді

3.04.2023, 12:47 179 Ләззат Қанатқызы

Биыл Жаңа Бұқтырма кентін ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Мұнда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша туризмді дамыту жолға қойылған.

Алайда қазір Алтай ауданы бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жаңа Бұқтырма кентіндегі аурухананың жағдайы қазір мәз емес, қыста үш қабаттың біреуі ғана жұмыс істеген. Сондай-ақ кадр жетіспеушілігі де байқалады.

Аурухананы қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қосымша жедел жәрдем көлігі бөлінді. Қазір онда екі дәрігер бригадасы жұмыс істейді, ал Жаңа Бұқтырмаға көшкісі келетін дәрігерлерге көтермеақы және баспана беріледі,  дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кету керек, Бұқтырма жағалауы аймақтағы жағажай демалысының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Өткен жылы мұнда 300 мыңнан астам турист демалған.

Биыл кенттегі аурухананы жөндеуге 500 миллион теңге қаржы бөлінбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив