KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Алтай ауданында дәрігерлік амбулатория салынады

10.04.2023, 12:16 246 Ләззат Қанатқызы

Биыл Алтай ауданына қарасты Октябрьск кентінде дәрігерлік амбулатория бой көтереді.

Бұл туралы Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы Октябрьск кентінде дәрігерлік амбулатория және 2024 жылы Феклистовка ауылында медициналық пункт салу жоспарлануда, – дейді аудан әкімі Ернар Мұстафин.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Жаңа Бұқтырма кентіндегі аурухананы қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қосымша жедел жәрдем көлігі бөлінді. Қазір онда екі дәрігер бригадасы жұмыс істейді, ал Жаңа Бұқтырмаға көшкісі келетін дәрігерлерге көтермеақы және баспана беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін айтқан болатын.

   "Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды", – деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив