KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Самарда еуропалық иммундау апталығы аясында жиын өтті

28.04.2023, 16:35 413 Ләззат Қанатқызы

Самар ауданында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының ұйымдастыруымен «The Big Catch Up» – «Кең ауқымды толықтыра иммундау» еуропалық иммундау апталығы аясында жиын өтті.

Жиын барысында Самар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Жанат Құдайбергенқызы тұрғындар мен балаларға қажетті вакцинаны уақытында алуы керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Себебі вакцинацияның арқасында бүкіл әлемде миллиондаған адамдардың өмірін сақтап, мүгедектіктен құтқаруға болады.

– Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 30 жылда Ұлттық иммундау саясатының арқасында сырқаттанушылықтың саны азайған. Адамның денсаулығы  өз қолында екенін, сонымен бірге жұқпалы аурулардың қоршаған ортаға да әсері барын есте ұстаған жөн. Арнайы профилактикасыз аурудың ықтималдығы өте жоғары, сондықтан  Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы адамдарды өзінің және айналасындағылардың денсаулығына қамқор болуға, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, екпелерді уақытында алуға шақырады, – дейді Жанат Құдайбергенқызы.

Айта кетейік, бүгінде көптеген адамдар епке салдыруға қарсылық білдіріп жатады. Айтуларынша, дінімізге қарсы екен. Бүгінгі жиын барысында Самар аудандық орталық мешітінің имамы вакцина салдырудың дінімізге еш кедергісі жоқ екенін айтты. 

– Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы 2019 жылғы екпе мәселесінде екпе алуға ешқандай қарсылығы жоқ екендігін айтқан. Тіпті Ораза ұстап жүріп те вакцина салғызуға болады деген. Соған байланысты барлық дін қызметкерлері екпемізді алдық. Себебі деніміздің саулығы өте маңызды, – дейді Бекболат қажы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив