KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Медициналық жабдықтарды жаңартуға миллиардтан астам қаржы бөлінбек – Алтай

Шартты сурет

4.05.2023, 11:06 262 Ләззат Қанатқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл салаға жылдағыдай емес, мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы да көбейді.

ШҚО-да да ел Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында ауылды жерлердегі медицина саласына айтарлықтай көңіл бөлінуде. Мәселен, биыл Алтай ауданында медициналық жабдықтарды жаңарту мақсатына бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Мен келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан аса азаматтың алғашқы медициналық-сани­тарлық көмекке қол жеткізуін қамта­масыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылмақ. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады. Бұл төрт миллионнан аса азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Президент қыркүйектегі Жолдауында.

Алтай аудандық ауруханасының бас дәрігері Олжас Нұрекеновтің айтуынша, өткен екі жылда ауданда тірек-қимыл аппаратында 1800-ден астам операциялар мен манипуляциялар жасалған. Израильден тәжірибе толықтырып келген үш хирург пен бас травматолог қазір ауданда қызмет етуде. Биыл тағы үш дәрігер шетелден білім алмақ.

– Биыл 1,2 миллиард теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Біздің ауданаралық аурухана Алтай ауданының ғана емес, Катонқарағай, Күршім аудандарының, Серебрянск және Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, – деп атап өтті Олжас Нұрекенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив