Глубокоелық ару Еуропа чемпионатынан жүлделі оралды

6 мамырда Испанияның Сабадель қаласында Еуропа чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бәсекеде 24 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынасты.
Айтулы додада Алтай қаласы мен Глубокое ауданының спортшыларынан құралған команда ел намысын қорғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазақстаннан ШҚО ҚФКО директоры Шихан-Аксенов Дмитрий Николаевичтің жетекшілігімен Алтай қаласы мен Глубокое ауданының спортшыларынан құралған команда жасақталған болатын.
Глубокое ауданынан аттанған Саркисова Алина Еуропа чемпионатында жүлделі үшінші орынды иеленді.
Ауданымыздың атынан Березовка ауылында Тулинанов Раифтың жетекшілігіндегі (қара белбеу 1 дан) – Кайтаку карате үйірмесінің мүшесі Саркисова Алина қатысты. Ол Испания мен Нидерландыдан келген қарсыласынан жеңіліп, жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады, дейді аудан әкімдігі.
1 155
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
«Тарих ата» қашықтық олимпиадасынан 14 оқушы жүлдемен оралдыРеспубликалық турнирден жүлделі оралды – Глубокое ауданыСемейлік карате шин-кекушинкай мектебінің тәрбиеленушілері Қазақстан Чемпионатында жүлделі 8 орынды жеңіп алдыШҚО спортшылары өрт сөндіру және құтқару спортынан өткен әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болдыҚарағандыдан жеңіспен оралды