KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Тлеубек Шаяхметтің суреті

6.06.2023, 14:57 535 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты.

Өткен жылдың соңында Риддердегі жылу қазандығынан ақау шығып, қала тұрғындары қыс бойы жылусыз отырған болатын. Әбден тозығы жеткен орталықта өткен аптада жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Риддер жылу орталығын күрделі жөндеуден өткізу мақсатына 7 млрд теңге қарастырылған.

– Орталықтағы қазандықтар 1956 жылы салынған. Қаншама жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген. Ал қазір 6 қазандық та күрделі жөндеуді қажет етеді. Яғни бізді өте үлкен жұмыстар күтіп тұр және біз оған толықтай дайынбыз. Қазір орталықтағы жұмыс қарқыны күннен-күнге артып келеді, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі жылу орталығының заңды түрде мемлекеттік меншікке өтетінін де атап өтті.

– Бүгін келісімшарт жасастық. Риддер ЖЭО бөлімшесі "Өскемен жылу желілері" АҚ құрамына кіретін болады. Сондай-ақ жақында тұрғындармен кездесу өткізіп, жөндеу бағдарламасының қалай жүзеге асатынын таныстырамын. Айта кету керек, Риддерде бес жыл ішінде алғаш рет гидравликалық сынақ жүргізіліп, желілерде ақау пайда болды. Сондықтан 3,3 шақырым құбырды да ауыстырамыз. Бұл жұмыстарға бірнеше компания қатысады, – деді облыс әкімі.

Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 15 қыркүйекте толықтай аяқталуы тиіс.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив