KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 6 м/с, С
441.66 475.14 4.86

"Бір қабатты Шығыс": Ұлан ауданында 12 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

29.11.2021, 15:39 136

Өткен жылдан бері Шығыс Қазақстанда "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеттемесі Ұлан ауданында айтарлықтай атқарылып жатыр.

Осы бағдарлама бойынша Қасым Қайсенов кентінде, Таврия ауылында, Бозанбай ауылында екі пәтерлі 12 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда.

- 2022 жылға жеке құрылыс салушылармен офтейк келісімшарттарға қол қойылды. Келесі жылы Қасым Қайсенов кентінде, Герасимовка, Мамай батыр және Сағыр ауылдарында екі пәтерлі 25 үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 20 көп балалы отбасылар үшін және 5 үй халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынады, - деп қуантты аудандық әкімдік.

Айта кетейік, былтыр да "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша Қасым Қайсенов кентінде халықтың әлеуметтік қорғалмалған топтары мен көп балалы аналарға арналған 40 пәтерлі екі үй және 80 пәтерлі кредиттік үй салынып, пайдалануға берілген еді.

Енді үстіміздегі жылы Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысын басталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив