KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2,4 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Алтай қаласында «Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір» облыстық фестивалі өтті

9.09.2022, 11:29 272

Алтай қаласында А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында Қазақстан халқы тілдері Күніне арналған «Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір» облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушылардың бірі болды, қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканы анықтауға арналған ғылыми терминологияны әзірледі. Ол араб графикасы негізінде қазақ тіліне икемделіп, ғылыми- мәдени елеулі жетістікке айналған жаңа әліпбидің авторы әрі реформаторы.
Облыстық мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен қолға алынған фестивальді өткізу дәстүрге айналып, елімізде тұратын барлық халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарауға баулу, дарынды жастарды қолдауға септігін тигізуде.
Шара барысында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Төлемісова фестивальге қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол жиналғандарды құттықтап, Мемлекеттік бағдарламаның, ҚР тіл саясатының Шығыс Қазақстанда жүзеге асырылу барысын қорытындылап, Шығыс Қазақстанда ана тілінде сөйлейтін 40-тан астам ұлт өкілдері тұратынын, 11 тілде газеттер мен журналдар шыға атап өтті.
Фестиваль барысында мемлекеттік этникалық саясатты жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді, достықты, ұлттық бірлікті нығайтуға қосқан зор үлес қосқан шығысқазақстандықтар ШҚО депутаты Ш.Буктугутовтың Құрмет грамоталарымен марапатталды.

-        Тілдерге құрмет, Қазақстанда тұратын барлық этностардың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен ұлттық мәдениеттерін дамыту саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан біздің өңіріміз де мұның дәлелі болып табылады, -деп баса айтты Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Аскаровна.

Алтай ауданында отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр, бұған Алтай ауданының Достық үйінің, ұлттық және этномәдени бірлестіктердің бірігу, барлық этностар, қоғамдық келісімді нығайту, қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыру міндеттерін орындауға бағытталған іс-шаралары ықпал етуде.
Мерекеге орай Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. Охременконың алғыс хаттарымен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тілдерді оқыту орталығының басшысы және мұғалімдері марапатталды.
Фестиваль қонақтарына этномәдени бірлестіктерінің өкілдері әзірлеген «Горняк» мәдени-бос уақыт орталығының фойесінде әдемі рәсімделген фото және этнобағдарлама ұсынылып, концерттік бағдарлама әзірленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив