ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 1 м/с, С
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Аягөз қаласының 37 көшесінде су құбыры тартылады

6.09.2022, 16:18 12 0 Ләззат Қанатқызы

Аягөз ауданы бойынша 50 елді мекеннің 45-і ауыз сумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгінгі күні елді мекендердегі 30 мыңнан астам адамға орталықтандырылған ауыз су жүйесі қолжетімді болып отыр. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда.  

-        Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 ауылдық округте, яғни  Баршатас, Ақши  ауылдық округтерінде су мұнарасының құрлысын салу жұмыстар іске асырылуда. Жобаның жалпы құны 49,1 млн. теңгені құрайды. Ал, Мәдениет, Қосағаш, Бидайық ауылдық округтерінде топтық су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның жалпы құны 24,1 млн.теңге, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.

Сондай-ақ Айғыз, Ақшәулі, Ақшатау, Ақши, Мамырсу, Сарыарқа және Тарбағатай ауылдық округтерінде су құбырына арналған ұңғыма бұрғылауға 57,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар басталып кеткен көрінеді.

Әкімдіктегілердің айтуынша, қазір «Аягөз қаласында су құбырлары желісінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында Аягөз қаласының 37 көшесінде су құбыры желілерін салу мен құрлыстары іске асатын болады. Су құбырыларының жалпы ұзындығы 79,5 шақырым. Жұмыстар 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 12 шақырым ауыз су құбыры төселді.  Осы жылы Аягөз қаласының тозығы жеткен 27 көшелерінің су құбырларын қайта жаңарту бойынша  жобалық сметалық құжат әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар, Аягөз ауданының Малкелді ауылдық округі (Қорық ауылы) және Байқошқар ауылы мен  Ақтоғай кентіндегі су құбыры желілерінің су тарту құрылыстары қолға алынған. Ақтоғай кентіндегі су құбырының ұзындығы 31,438 км құрайды. Нәтижесінде, жылпы 4000-ға жуық тұрғын таза ауыз сумен  қамтылатын болады.   

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Бүгін, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Бүгін, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Бүгін, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Бүгін, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Бүгін, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Бүгін, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Бүгін, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Бүгін, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Бүгін, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Бүгін, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен Кеше, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды Кеше, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады Кеше, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды Кеше, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады Кеше, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады Кеше, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО Кеше, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал Кеше, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО Кеше, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды Кеше, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды