Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Аягөзде әскерилер ерлік сабағын өткізді

5.09.2022, 14:50 36 0 Ләззат Қанатқызы

Аягөз гарнизоны танкистер құрамасының әскери қызметшілері Дулат Бабатай атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен кездесіп, «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбындағы ерлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сабақ балаларды еліне, Қазақстан Қарулы күштеріне деген патриоттық сезімін ояту, рухани дамыған, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.
Ерлік сабағы барысында әскери бөлімнен келген лейтенант Серік Биғожанов және 3 сыныпты сержант Медет Мұхтархан оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті. Болашақ сарбаздарды елінің патриоты болуға шақырды. Сондай-ақ, өздерінің осы әскери қызметте жүріп басынан кешкен қызықты оқиғаларын айтып, мақсатқа жету үшін адам бойында мінез бен тәртіптің болу қажеттігін жеткізді.
– Бүгінгі ерлік сабағының өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік тұрғыдан орны ерекше. Басты мақсатымыз оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, алдыңғы аталардың ерлігін мақтан етуге баулу, – деді мотоатқыштар ротасы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары лейтенант Серік Биғожанов.
Шараны ұйымдастырған мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мұхит Асановтың айтуынша, ерлік сабақтары қазіргі таңда өзекті болып отыр. Жас буынға өте ықпал етіп, патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив