KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Риддердегі ауылдардың бірінде орталық су құбырының құрылысы басталды

25.08.2022, 15:31 126

Риддер қаласына қарасты Бутаково ауылында орталық су құбырының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш ауыл тұрғындары, әрине, су құбыры желілері тартылып жатқанына өте қуанышты. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмысын одан әрі жеңілдететіні сөзсіз.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі күні Бутаководағы жұмыстар жобаны әлдеқайда жақсы жағынан түзеуге байланысты тоқтап тұрған көрінеді.

-        Біз сорғы электр станцияларынан бас тарттық. Тексерілген жолмен су мұнарасын орнатуды шештік. Бұл ауыл тұрғындарын артық төлемнен құтқарады. Сондай-ақ үйлерге судың үздіксіз жеткізілуіне кепілдік береді, - деп түсіндірді Дмитрий Горьковой.

Айта кету керек, бұл жобаның жалпы құны – 233,3 миллион теңгені құрап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив