Өскемен
+24°
ясно ветер 2 м/с, В
447.71 478.69 5.51

Қасым Қайсенов кентінде үш үйдің құрылысы аяқталады

12.06.2021, 01:06 62 0 Мадина Амангелдіқызы

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде биыл үш үйдің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Рента Құрмамбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Аудан орталығының 4 кварталында салынып жатқан үйлерге бардық. Тұрғын үй облыс әкімінің бастамасымен "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында салынуда. Бұл тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған, жалға берілетін үйлер, - дейді әкім.

Айта кетсек, өткен жылы 8 екі пәтерлі үй пайдалануға беріліп, 16 көп балалы отбасы жаңа тұрғын үйге қоныстанған болатын.

- Осы жылдың шілде айында 3 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлаудамыз. Яғни тағы 6 көпбалалы отбасы үй алады. Негізінде құрылыстың сапасы мен қарқыны жаман емес, бірақ сонымен бірге мердігерге бірқатар кемшіліктерді көрсетіп атадым, - деп жазды аудан басшысы.

Сондай-ақ, биыл Бозанбай мен Таврия ауылдарында бірнеше үйдің құрылысы басталған еді. Бұл мәселе аудан әкімінің күнделікті бақылауында.

62
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив