Бозанбай мен Таврияда тұрғын үйлер салынады

Ұлан ауданының Бозанбай және Таврия ауылдарында екі пәтерлі тұрғын үйлер мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл жұмыстар ШҚО әкімі Д.К.Ахметовтың тапсырмасына сәйкес облыста бұрынғы аудан орталықтарын қолдау және дамытудың аясында жүргізілуде.
Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, аталған ауылдар алдағы уақытта абаттандырылмақ екен. Құрылыс барысы аудан басшылығының тұрақты бақылауында болады.
- Бозанбай ауылында болып, осы нысандардың құрылыс барысын бақыладым. Құрылыс қарқыны мен жұмыстың басқа да бағыттары бойынша бірқатар ескертулер айтылды. Құрылыс барысы біздің тұрақты бақылауымызда болады, - дейді әкім.
83
0
0
Сонымен қатар оқыңыз