KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Риддерде Абай оқулары өтті

23.08.2022, 14:56 167

Риддерде қалалық Достық үйінің бастамасымен Абай оқулары өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Біз қазақ жерінде Ұлы, дана ақынның дүниеге келгенін мақтан етеміз. Бұл бүкіл қазақ халқының ұлттық мақтанышы, оның ар-намысы мен ар-ожданы. Абайдың ойлары әлі де өзекті, - деді турнирдің ашылуында Достық үйінің жетекшісі Надежда Климова.

Байқауға сегіз адам қатысқан. Оның ішінде ең жасы №16 мектеп оқушысы тоғыз жасар Варя Морозова болды.

Бір қызығы, байқау шарты бойынша қатысушылар оқу тілін өздері таңдай алды. Бұл күні қалалық мәдениет сарайында Ұлы ақынның өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері айтылды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені ағылшын тілінде классиктің өлеңдерін мәнерлеп оқыған Вероника Тайсумова жеңіп алды. Бірінші орынды Замира Исламова, екінші орынды Валерия Серохвостова, үшінші орынды Әсем Сағат иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив