Өскемен
-19°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

Әкім өзен арнасын ластамауға шақырды - Аягөз

17.05.2021, 11:06 48 0 Мадина Амангелдіқызы

Аягөз қаласындағы Кіші Аягөз өзенінің арнасы мен жағалауы қоқысқа толы. Бұл туралы аудан әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудан басшысы Сейілбек Ысқақов қаладағы Тоқсанғазин көшесіне барып, тұрғындардың көтерген мәселелерімен танысты.

- «Көше тұрғындары әлеуметтік желі арқылы ауыз су құбырын тарту, жол жөндеу, жарықтандыру мәселелерін көтерген. Алдағы уақытта аталған көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жол жөндеу, ауыз су құбырын тарту жұмыстары кезең –кезеңмен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады», - дейді әкім.

Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындарды тағы бір маңызды мәселеге назар аударуға шақырып отыр. Мұндағы Кіші Аягөз өзені 2018 жылы арнасынан асып, апатты жағдай орын алған болатын. Алайда адамдар өзен арнасын ластауды тоқтатпаған екен.

- «Әкімдік тарапынан арнаны тазарту, кеңейту жұмыстары жүргізілген. Алайда өзеннің бүгінгі кейіпі өте нашар, тұрғындар күл-қоқыс тастауды доғармаған. Кіші Аягөз өзенінің жағасында тұратын азаматтарға бұл жайға немқұрайлы қарамай, тазалықты сақтауға шақырамын», - деді Сейілбек Ысқақов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив