KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Алтай ауданында жарықтандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

18.10.2022, 13:56 165

Биыл жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін Алтай қаласының Ломоносов көшесіне 22 миллион теңге, Октябрьский кентінің Ленин көшесіне 12 миллион теңгеге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Мұстафин Ернар айтып берді.

Сондай-ақ Алтай қаласындағы Тәуелсіздік аллеясының жарық шамдары мен  субұрқақ құрылғысы  жөнделіп жатқанын айта кету керек.

-        Биыл Селезневка станциясының жарықтандыру құрылғысы жүргізіліп, Октябрьский кентінде көше жарығы ішінара ауыстырылды. Сонымен қатар Ағымдағы жылы коммуналдық меншіктегі электрмен жабдықтау желілеріне (Алтай қаласында, Прибрежный кентінде, Малеевск және Путинцево ауылдарында иесіз желілер) қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлінді. Бұл елді мекендердің тұрғындарын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан әкімі сумен жабықтау саласы туралы да тарқатып айтып өтті.

-        Чапаево, Никольск, Маяк ауылдарының, Бұқтырма станциясының, Парыгино ауылындағы Октябрьский кентінің су құбыры мұнарасының желілеріне, Кремнюха ауылында сумен жабдықтаудың 12 ұңғымасын бұрғылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ал, Жаңа Бұқтырма кентінің Бұқтырма және Заводская көшелерінің су құбыры желілерін жөндеу бойынша және  Средигорное ауылының желілерінде жөндеу жұмыстары алдағы уақытта жүргізіледі, - деді Ернар Мұстафин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив