Шығыс кентіндегі бірқатар мәселелер шешімін табады – Семей

Семей қаласына қарасты Шығыс кентіндегі саяжайларда қалыптасқан негізгі мәселелер: электр бағандарының ауыстырылуы, кооператив қызметі, жер және жол. Алдағы уақытта бұл мәселелердің бірқатары шешімін табады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Шығыс кенті оң жақ алабында орналасқан саяжай тұрғындарының бастамашыл топ өкілі Ағысова Гүлнәрмен саяжайдағы өзекті мәселелер бойынша кездестік. Жолға ағымдық жөндеу жұмыстары маусым айының ішінде аяқталып, аялдамалар орнатылады. Электр бағандарының ауыстырылуы, облыс әкімі Д.К.Ахметовтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан қаланың энергетикалық даму жоспарына сәйкес, тиісті жобалық сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін қолға алынады, - дейді шаһар басшысы.
Қалған мәселелер бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады. Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта тұрғындармен жеке кездесу жоспарланған екен.
110
0
0
Сонымен қатар оқыңыз