Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
468.98 493.74 7.59

Ұлы Абайдың туған күні ақынның туған жерінде кеңінен аталып өтті

12.08.2022, 16:09 17 0 Мадина Амангелдіқызы
«Абайды ардақтау – оның дүниетанымдық қағидаларын ұстану, өсиетіне адал болу деген сөз», - деп Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Абай күнін мерекелеудің мақсаты мен форматын айқындап берген болатын. Елімізде Абай күні 2020 жылдан бастап, жыл сайын 10 тамызда атап өтіледі. Биыл алғаш рет ұлы ағартушы, реформатор, ойшыл және ақынның отаны бұл күнді жаңа мәртебеде қарсы алып отыр. Бұл туралы Абай облысының мәдениет басқармасында айтылды.
1845 жылдың 10 тамызында Қазақ халқының ұлы ақыны дүниеге келді деп есептеледі. Міне, дәл осы күні Қазақстанда 2 жыл болды Абай күні мерекесі атап өтілуде. «Мәселе мерейтойда емес – тұғырлы тұлғаның туындыларынан терең тәлім алуда. Абайдың рухына тағзым ету – оның қағидатын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың санасына қастерлі құндылықтарды сіңіреміз», - деді Мемлекет басшысы өзінің «Абай - рухани реформатор» атты мақаласында. Ұлы ақынның туған жері биыл мерекені жаңа мәртебеде қарсы алды. 
 
- Биыл біз мұқият дайындалдық. Бізде Абайға арналған онкүндік өтті. Шараға Абай облысының барлық қалалары мен аудандары қатысты. Іс-шаралар концерттер мен фестивальдармен шектелмейді. Біздің басты міндетіміз – жерлестерімізді, осы өлкеден шыққан тумаларды Ұлы бабамыздың рухани мұрасының айналасына біріктіру болып табылады. Ең бастысы, жастарды Абай Құнанбаевтың шығармашылығына, философиясына баулу, оны зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту. Абай ойы - терең ұлы тұлға, оның шығармалары барлық уақытта да өзекті, сондықтан зерттеушілер үшін бұл бағыттағы жұмыстар жетерлік, - дейді Абай облысы мәдениет басқармасының ресми өкілі Айдар Ибраев.

 Спикердің айтуынша, бұл күннің басты оқиғасы жерлестер форумы болды. Ұлы ақынның жерінде бұрын-соңды осында тұрып, жұмыс істеген немесе қазір Семейде және оған жақын аудандарда өз қызметін жалғастырып жүрген адамдар жиналды. Қатысушылар Абайдың құрметіне аталған музей, театр сынды мәдени нысандармен танысып, «Арена» мәдени-спорт кешенінде болды. 
Мереке соңында Семей қаласының Абай атындағы театрында Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен «Ұлы дала-Ұлы Абай» гала – концерті өтті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив