KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

«Металлург» саябағы биыл қыста да жұмыс істейді - Өскемен

14.10.2022, 16:23 266

Көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айналған «Металлург» саябағы тұрғындар мен қала қонақтарын қыс мезгілінде де қуантатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, аталмыш демалыс орнына мұз айдыны құйылып, жаңа жылда безендіру жоспарланған.

-        Өткен жолы хабарлағанымыздай «Металлург» саябағы қыста да жұмыс істейтін болады. Онда сырғанақ пен мұз айдыны құйылып, жаңа жыл қарсаңында безеніру жұмыстары да жүргізілетін болады, - деді Жақсылық Омар.

4f357d17-e582-4f35-9b3e-d06956946afd.jpg

Естеріңізге сала кетейік, биыл саябақты абаттандыру жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізілген болатын. Оның барысында 7 мың шаршы метрден астам тас төселіп, 30-дан астам орындақтар мен 40 жарық шамдар орнатылды. Балаларға қызықты болуы үшін әйгілі мультифильм кейіпкерлерінің формалары да жасалыпты.

ced80e00-37e4-4459-9fb7-42d7be86d63f.jpg

Абаттандырудың екінші кезеңі жоспар бойынша келесі жылы басталмақ.

-        Желтоқан айында абаттандыру жұмыстарының жобасын алып, бюджет анықталады. Ал мердігер сәуір айынан бастап жұмысқа кіріседі. Бұл жұмыстарды шамамен үш ай ішінде орындауды жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив