KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

5.07.2022, 12:01 234

Облыс орталығында әлеуметтік көмір сатылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімідігінің таратқан мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік көмірді төмендегі халық санатындағы тұрғындар ала алады:
- табысы аз азаматтар,
- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары,
- интернационалист жауынгерлер,
- ЧАЭС таратуға қатысушылар, жасы бойынша зейнеткерлер,
- 1 және 2 топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар,
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар,
- толық емес отбасылар.

-        Көмір тоннасына 11 300 теңге әлеуметтік құны бойынша сатылады. Бүгінгі күні нарықтық құны 11 800 теңгені құрайды. Отын сатып алу мәселесі бойынша тұрғылықты жері бойынша ЦТУ филиалдарына жүгіну қажет. Қала тұрғындарын әлеуметтік көмірді алдын ала сатып алуға шақырамыз! – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив