Травматологиялық пункт аумағындағы жөндеу жұмыстары аяқталды - Өскемен

Өскемен қаласындағы травматологиялық пункт маңында жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы № 4 қалалық аурухананың баспасөз қызметі мәлемдеді.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басында травматологиялық пункт № 4 қалалық ауруханның аумағына көшіп кеткен болатын. Артынша, әлеуметтік желілерде тұрғындар медициналық мекемені табу өте қиын екенін айтып, шағымданған еді.
- Жедел жәрдемнің келуіне ыңғайлы болуы үшін үшін травматологиялық пунктке баратын жол жаңартылды. Сондай-ақ пунктті тұрғындар тез таба алуы үшін жарық маңдайшасы орнатылды, - дейді қалалық аурухананың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар оқыңыз