Референдум: өскемендіктер өз таңдауларын жасауды жалғастыруда

Облыс орталығындағы нөсер жаңбыр мен қолайсыз ауа райы тұрғындардың референдумға қатысуына кедергі болмады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
7.00-де сайлау учаскелері ашыла сала тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасай бастады. Сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша,кейбір учаскелерде сайлаушылардың 40 пайызы дауыс беріп үлгерген.
Қала тұрғындарының көпшілігі референдумнан көп нәрсе күтетіндіктерін, өзінің, отбасының және балаларының жақсы өмір сүрулер үшін дауыс бергендіктерін жасырмады.
ШҚО бойынша таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін 1027 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 912 мыңға жуық адам өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға дайын.
- Сайлауға тұрғындар белсенді тұрде дауыс беріп жатыр. Ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ, - дейді қоғамдық бірлестіктің өкілі Қарлығаш Окиншинева.