«Металлург» саябағын ауқымды өзгерістер күтіп тұр - Өскемен

Биыл облыс орталығындағы «Металлург» саябағын ауқымды өзгерістер күтіп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған саябақта жақын арада абаттандыру жұмыстары басталмақ. Кеше қала басшысы Жақсылық Омар қаланың бас сәулетшісімен бірге жоспарланған жұмыстардың сызбасымен танысты.
Алдымен Виноградов және Стахановская көшелерінің қиылысынан кіретін орын өзгереді. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 70 автомобильге арналған тұрақ жабдықталады. Саябаққа кірер алдында орналасқан сағат мұнарасының дизайны да ретке келтірілмек.
- Саябақтағы жұмыстар екі кезеңде жүреді. Биыл абаттандыруды қала тұрғындары жүретін негізгі аймақтарда жүргіземіз. Сондай - ақ, қосымша алаңдар бойынша жаңа ұсыныстарды да қарастырамыз, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Яғни биыл саябақта брусчатка төсеу, жарықтандыру тіректері мен шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ," Металлургте" скалодром және скейт-алаң жабдықталады.