KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
448.89 477.93 4.76

ШҚО-да «Кел, сөйлесейік» атты қазақ тілі клубы ашылды

7.11.2022, 10:04 615 Ләззат Қанатқызы

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Кел, сөйлесейік» атты тегін қазақ тілі клубы ашылған болатын.

Үйірменің мақсаты – күнделікті тұрмыста адамдардың қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі арнайы келіп, клубтың жұмысымен танысты.

- Бұл  қазақ тіліндегі ең алғашқы сөйлесу клубы. Қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген ынтасы артып келеді. Сондықтан біз осы орталықты аштық. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан, барлығымыздың тілді меңгеруіміз керек деп ойлаймын. Алдағы уақытта клуб өз нәтижесін береді.  Қазақ тілін үйренгілеріңіз келсе, орталықтың есігі сіздерге ашық , - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Ашылғанына көп уақыт болмаса да, мұнда қазір 15-ке жуық адам тіл үйреніп жатыр.

- Қазақ тілі үйірмесіне оқушылармен қатар, ересектер  де келіп үйренуде. Курстың ерекшелігі – грамматикасыз ауызекі тілде еркін сөйлеу. Шәкірттеріміз күн санап артып келеді. Тез үйреніп жатыр. Көбінесе орыс ұлтының азаматтары келеді. Аптасына екі рет сабақ беремін. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ, тегін үйретеміз, - дейді клуб жетекшісі Шушаникова Надежда Александровна.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив