Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Өскеменде қар тазалау жұмыстары басталып кетті

7.11.2022, 12:19 102 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Өскемен қаласында қалың қар жауып, таңғы 8 шамасында 25 бірлік техника қар тазалау жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір қала көшелерінде 15 арнайы көлік әлі де жұмыс істеуде.

- Қар еріп кетуі мүмкін. Сондықтан қар күреу жұмыстарымен қатар люктер мен нөсер құдықтарын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорыны.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауға және шиналарын ауыстыруға кеңес береді.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдыға үшкүн бойы облыс орталығында жауан-шашын болуы мүмкін.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив