Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Өскеменнің шағын ауданында 100-ден астам үй салынады

1.10.2022, 18:24 25 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменнің 28-ші шағын ауданында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.

Биыл екінші кезектің құрылысы аяқталды. Бұл кезеңде 43 жаңа үш бөлмелі үй салынды. Олардың барлығы типтік жобалар бойынша орындалған, су құбырына, электрмен жабдықтауға және су бұруға қосылған.

Сондай-ақ жаңа ауданда жолдарға асфаль төселіп,  тротуарларды абаттандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Одан бөлек футбол алаңы мен балалар алаңы жабдықталған. Енді мектеп пен балабақша салу жоспарланып отыр.

Қала әкімінің айтуынша, 2023 жылы құрылыстың үшінші кезеңіне 100-ден астам үй кіреді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив