KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Желтоқсанда тағы бір балабақша ашылады - ШҚО

17.11.2022, 15:58 531 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы Аблакетка шағын ауданында мектепке дейінгі мекеме желтоқсан айында есігін айқара ашпақ.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір аталмыш мекемеге кадрларды іріктеу жүргізіліп жатыр.

- Бүгін балабақшаға барып, жұмыс барысымен танысып қайттым. Ғимаратта жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды, әрлеу жұмыстарының аздаған бөліктері ғана қалды. Келесі аптадан бастап жиһаздар әкеліне бастайды. Мектепке дейінгі мекеме желтоқсан айында ашылады, - деді қала әкімі.


Оның айтуынша, бұл биыл қалада ашылған бесінші балабақша болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив