KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Өскеменде сайлау күні селфи-конкурс өтеді

17.11.2022, 16:30 305 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде 20 қараша күні  «Мен дауыс беремін» деп аталатын селфи-конкурс өтеді.

"F.and Like" ұйымы өскемендіктерді сайлауға қатысып, сыйлық ұтып алуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Мен дауыс беремін» деп аталатын селфи-конкурс ҚР Президентін сайлау күні өткізіледі. Яғни, қала тұрғындары өзі жеке немесе отбасымен бірге сайлау учаскелерінде фотосуретке түсіп, сыйлық ұтып ала алады.

Ұтыс ойынына қатысу үшін 20 қарашада өз учаскеңізде дауыс бергеннен кейін сағат 15.00-ге дейін инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшаңызда пост жариялауыңыз керек екен.

Міндетті түрде инстаграмда @oskemenmedia парақшасын белгілеп, #ӨскеменСайлау #ВыборыУК хештегін қою қажет. Постта қатысушының сайлау учаскесінен шыққан кезде жеке немесе отбасымен түскен фотосуреті болуы тиіс.

Тәуелсіз комиссия жеңімпаздарды екі номинация бойынша анықтайды: «креативті фото» және «ынтымақты отбасы».

Жеңімпаздарға бағалы сыйлық - iPhone 13 маркалы смартфоны тарту етіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив