KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Жаңа жылда Өскемен қалай безендіріледі?

24.11.2022, 16:53 559 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімдігі жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастап кетті.

Сүйікті мерекелері қарсаңында тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлайтын бірден-бір дүние қала көшелерінің безендірілуі екені белгілі. Биылғы дайындық барысы мен безендірілетін орындар туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жылдағы дәстүр бойынша алдымен Республика алаңына шырша орнатылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыс орталығында  ұлттық ою-өрнекті пайдалана отырып безендірілген ерекше шыршаға республика тұрғындары оң пікір білдірген болатын. Биыл шыршаны безендіру жұмыстарына ерекше элементтер қосылмақ. Сонымен қатар, фотоаймақ орнатылып, аллеяларда жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

- Қала тұрғындарының ең сүйікті жеріне айналған Арбат пен Комендантка өзенінің арнасындағы саябақта да безендіріледі. Яғни, жылдағыдай интерактивті шырша орнатылып, сырғанақ пен мұз айдыны құйылады,- деді қала әкімі.

Сондай-ақ биыл жаңадан ашылған С.Нұрмағамбетов атындағы жаңа саябаққа түрлі жарық қондырғылары мен интерактивті шырша орнату жоспарланған.

- Уәде еткеніміздей, биыл "Металлург" саябағы қыста да жұмыс істейді. Демалыс орнының оңтүстік бөлігіндегі амфитеатрда мұз айдыны құйылып, жарық қондырғылары орнатылады. Сонымен қатар, саябақта өсіп тұрған тірі шырша безендіріледі, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив