KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.15 483.46 4.86

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді – Өскемен

22.11.2022, 14:26 232 Ләззат Қанатқызы

Өңірде қалың қар жауып, жауын-шашын көбеюіне байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.

«Таза Өскемен» КМК басшысының айтуынша, бүгін түнімен 40 сантиметр қар жауған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Көшені қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Биыл өңірге бірнеше жылдан бері жаумаған қалың қар түсті. Қар мөлшері жылдағыдан көп болғандықтан адамдар коммуналдық қызметтер жұмыс істемей жатқан сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, олай емес, көшелер тазаланып жатыр, - дейді «Таза Өскемен» КМК басшысы Асхат Тәженов.

Бір тәулік ішінде қала ішінде 100-ден астам техника жұмыс істеп, жолдар мен тротуарларды тазартатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, апта соңында температура бағаны күрт төмендейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив