KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде үздік жаңа жылдық безендіруге байқау жарияланды

25.11.2022, 09:37 341 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімдігі үздік жаңа жылдық безендіруге, тұрғындар қарамағындағы нысандарды тақырыпқа сай безендіру, маңдайшаларды жаңарту, жарықтандыру бұйымдарын орнату және тиесілі аумақты абаттандыруға қатысты байқау жариялады.

Байқауға кез келген меншік нысанындағы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар және Өскемен қаласының барлық тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қатысуға өтінім 10 желтоқсанға дейін Чехов көшесі, 33 мекенжайында орналасқан «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ немесе uprarhitektura@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады. Қосымша сұрақар болса 8 705 500 8971 анықтама телефонына хабарласуға болады, - дейді қала әкімдігі.

Байқау 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін келесі номинациялар бойынша өтеді:
үздік тақырыптық дизайн (ұйымдар, кәсіпкерлік нысандар, аула аумақтары);
үздік түнгі жарықтандыру.
Желтоқсан айының соңғы онкүндігінде байқаудың қорытындысы шығарылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив