Өскемен
-25°
плотный туман ветер 2 м/с, СВ
460.43 501.04 6.65

Оқушыларға арналған әдеби шығармашылық байқау жарияланды – Өскемен

23.11.2022, 14:24 213 0 Ләззат Қанатқызы

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Зайсан өңірінің тумасы,  балалар жазушысы Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орай, оқушыларға арналған облыстық әдеби шығармашылық байқау жариялады.

Байқауға 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жазушы  жерлесіміз Марат Қабанбайдың  өмірі  және  әдеби мұрасы (шығармалары) бойынша қазақ және орыс тілінде жасалған бейнероликтер, анимация, комикс, сөзжұмбақ (кроссворд), интерактивті онлайн-ойындар  (learningapps.org;  genial.ly; wordwall.net, Actionbound), буктрейлер, иллюстрация қабылданады. Қатысушы өзі қалаған біреуін, немесе бірнешеуін жасай алады.

Айта кету керек, орындалған жұмысқа тақырып қойылып, жазушының қай шығармасы бойынша орындағалғаны көрсетілуі керек.

- Әдеби шараның мақсаты – Марат Қабанбайдың шығармашылық  мұрасын  насихаттау  және  дәріптеу. Балаларға шығармашылық қолдау көрсету.  Қатысушылар шығармаларын 2022 жылдың 24 қарашасынан 2023 жылы 1 наурызна дейін  ukcbs@mail.ru поштасына жібере алады. Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайтынын ескертеміз, - дейді ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысы 15 наурызда шығарылады. Қосымша сұрақтар болса +7 7778550705, +7 7074949883 (whatsapp) және  8(7232) 25-17-70 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив