KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде бүгін қайырымдылық концерті өтеді

23.11.2022, 15:55 711 Ләззат Қанатқызы

Бүгін «Ертіс концерт» мекемесінің концерт залында Салих Қалиевтің «Өзіңе сен» атты қайырымдылық концерті өтеді.

Салих Қалиев - балалар үйінің түлегі, мүмкіндігі шектеулі азамат. Қазір ол Қазақстан бойынша тур ұйымдастырып, қайырымдылық концерттерін өткізіп келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кештен түскен қаражаттың бір бөлігі аз қамтылған отбасылар мен ата-анасыз қалған балаларға да көмекке жұмсалса, екінші бөлігін пәтер алу үшін алғашқы жарна ретінде шотына салмақ.

- Егер қайырымдылыққа үлес қосқыңыз келсе бүгін сағат 18.30-да «Ертіс концерт» КМҚК шығармашылық ұжымдары мен солисттерінің қатысуымен өтетін Салих Қалиевтің «Өзіңе сен» атты қайырымдылық концертіне шақырамыз, - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив