KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде «Алау-2022» байқауы өтеді

24.11.2022, 17:06 761 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласы әкімінің жастар арасындағы жүлдесіне арналған байқау жарияланды.

 «Алау-2022» жүлдесі 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жүлде 7 номинация бойынша беріледі:

«Үздік оқушы»;

«Үздік студенттік көшбасшы»;

«Үздік жас ұстаз»;

«Үздік жас ғалым»;

«Үздік жас өндіріс маманы»;

«Үздік жас спортшы»;

«Үздік жас блогер».

Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды.

Жүлдеден үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін-өзі ұсынады.

Қатысушылар туралы құжаттар ағымдағы жылдың 15 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Әуезов даңғылы, 5 мекен-жайы 2 қабат, 13 кабинетте орналасқан Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де қабылданады.

Анықтама телефондары: 8/7232/250-170, 8(708)325-88-67 Асқаров Ермек.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив