Жүргізушілер жетіспегендіктен тұрғындар автобусты сағаттап күтеді – Өскемен

Өскеменде автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігінен тұрғындар қоғамдық көлікті сағаттап күтуге тура келеді.
Бүгін Щербаков көшесінің тұрғындары аялдамада 1 сағаттан артық уақыт тұруға мәжбүр болды. Себебі қозғалыс кестесіне сәйкес 6:20-да және 6:40-тағы № 7 маршруттың автобусы уақытылы келмеген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС мамандарының айтуынша, тұрғындардың шағымдануына қозғалысқа жауапты "Марат-М" көлік компаниясында жүргізушілер жетіспеуі себеп болған көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш компания жақында 9 жаңа автобус сатып алғанын хабарлаған болатынбыз. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, автобустар жаңартылғанымен, жұмыс істейтін адам аз.
- Жүргізушілер құрамының жетіспеушілігіне байланысты көлік компаниясы автобустарды толық көлемде шығара алмай отыр. Мәселен, қазір желіге жоспраларған 15 қоғамдық көліктің 6-ауы ғана шыққан. Қозғалысты тұрақтандыру үшін жұмыстар жүргізілуде, - деді мамандар.
Сонымен қатар оқыңыз
Өскеменде автобус жүргізушілері жетіспейді2 млрд теңге - Өскемендегі автобустар мен трамвайларды биыл жаңартуға бөлінген қаржыӨскеменге 5 жаңа автобус әкеліндіӨскемендегі қоғамдық көліктерде жүргізушілер жетіспейді"Бұл - ереуіл емес". Өскемендегі №262 бағыттағы қоғамдық көліктер өзінің жұмысына қайта кірісті