Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен

Өскеменде қатты аязға байланысты № 3 трамвайдың жолы жабылды.
Бұл туралы бүгін таңертең tramway_uka парақшасы жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Қатты аязға байланысты Н.Назарбаев даңғылында байланыс сымы үзіліп кетті. Үшінші бағыт жабық. Трамвайлар "Машзавод" ауданын айналып жүреді, - деді "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ауа температурасының төмендігіне байланысты Өскемен қоғамдық көлігінің жұмысында іркілістер болуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Сонымен қатар оқыңыз