Өскемен
-13°
туман ветер 1 м/с, СЗ
455.65 489.96 6.36

Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен

28.11.2022, 11:10 189 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жаңа жылдық мерекеге дайындық жүргізіліп жатыр.

Қаланың қалай безендірілетіні туралы қала әкімі Жақсылық Омар тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл орталық алаңда бас шыршамен қатар, түрлі жарық конструкциялары және жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз ата мен Ақшақар орнатылмақ.

- Сондай-ақ фотоаймақ қойылып, аллеялар жарықтандырылады. Арбатта, С.Нұрмағамбетов саябағы мен "Металлург" саябағында да шыршалар мен түрлі конструкциялары орнатылады, - деді шаhар басшысы.

Қалада одан басқа да түрлі безендіру жұмыстары жүргізілетін көрінеді, бірақ олар әзірге құпия сақталмақ.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив