Өскемен
-11°
пасмурно ветер 0,1 м/с, З
455.65 489.96 6.36

Өскеменге қар тазалайтын жаңа техникалар әкелінеді

29.11.2022, 10:03 121 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығына көшелерді қардан тазартатын бірнеше аралас жол машиналары (МДК) әкелінеді.

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар коммуналдық қызметкерлермен кездесуде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Өткен жылы дәл осындай 5 техника алынған болатын. Биыл да тапсырыс беріп қойдық. Жоспар бойынша алдағы апталарда қалаға әкелінуі керек. Көшелердің қардан уақытылы тазартылуы үшін "Таза Өскемен" кәсіпорнын күшейтпекпіз, - деді қала басшысы.

Сонымен қатар қала әкімі өткен жылы алған техникалар биыл көше тазалығына көп көмек болғанын атап өтті. Сондықтан әкімдіктегілер қажетті техниканың санын  көбейтуді жоспарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, әкім бұған дейін "Таза Өскемен" кәсіпорнына көмектесу үшін басқа мердігерлердің адамдары мен техникалары бөлінетінін айтқан болатын. Ал жол бойында қалған азаматтардың көліктері көшелерді қардан тазартуға кедергі келтірмеу үшін эвакуаторлармен алынып тасталады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив