KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемен: Жыл басынан бері 2500-ден астам адам жұмыспен қамтылды

1.12.2022, 14:41 362 Ләззат Қанатқызы

Жыл басынан бері облыс орталығында үш жарым мыңнан астам адам тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасқан.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, екі жарым мыңнан астам қала тұрғыны тұрақты жұмыс орнына орналасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жылдың басынан бері, яғни 10 айда тұрғындарды жұмыспен қамту үшін бірқатар жұмыстар жүргізіліп, 3594 адам қамтылды. Оның ішінде 2627 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына – 118, жастар практикасына – 136 түлек, қоғамдық жұмыстарға-690 адам қабылданған. "Бірінші жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары бойынша 23 адам жұмысқа орналастырылды, - деді Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кәмшат Баубекова.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, 10 ай ішінде облыс орталығында халық үшін үш мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Қаңтар-қазан айлары аралығында қаланың жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін алты жарым мыңнан астам адам жүгінді. Айта кетейік, тұрғындарға Президенттің ҚР халқына жолдауындағы азаматтардың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуіне бағытталған тезисіне сәйкес көмек көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив