KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскемендіктерге жылу үшін төлем қайта есептеледі

1.12.2022, 16:58 489 Ләззат Қанатқызы

28 қарашадан бастап қала тұрғындары пәтерлерінің суып кеткенін айтып, шағымдана бастады. Кейбір тұрғын үйлерде ауа температурасы 15 градусқа әрең жеткен. Тіпті әлеуметтік желіде Өскемендегі жылу-электр орталығында апат болғаны туралы ақпарат тарап кеткен еді.

Кәсіпорын өкілдері нысанның штаттық режимде жұмыс істеп тұрғынын, 27 қарашада аяздың салдарынан желілік судың айналымы артып, температураның төмендеуіне әкеліп соққанын түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал, кеше аталмыш кәсіпорын жылу орталығының барлық жабдықтары қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат берді.

- 14 қазандық агрегаты бойынша барлық іске қосу операциялары орындалды. Қазандық іске қосылды. Бірақ қазір желілік судың температурасы әлі де параметрлерге сәйкес келмейді. Қазір небәрі 96°C болып тұр және ол көтеріліп. 108 °C болуы тиіс, - деп атап өтті "Өскемен жылу желілері"АҚ баспасөз қызметі.

Қаладағы пәтерлер де сол себепті әлі де салқын болып тұруы мүмкін. Сондықтан жауапты мамандар тұтынушыларға ағымдағы ай үшін қайта есептеу жүргізілетінін айтты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив