KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемен қаласының әкімі Пушкин кітапханасына ерекше сыйлық жасады

2.12.2022, 11:52 323 Ләззат Қанатқызы

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қоры "Өркендеген Өскемен. Процветающий Усть-Каменогорск. The Prospering Oskemen» атты жаңа фотоальбоммен толықты.

Өлкетану коллекциясына сыйлық ретінде альбомды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар сыйға тартты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Аталмыш басылымда Өскеменнің өсу және гүлдену жылдары, жаңа ғимараттар, мәдениет, білім, медицина, туризм және спорт объектілері, өңіріміздің өнеркәсіптік алыптарының фотосуреттері бейнеленген. Осындай қымбат әрі пайдалы сыйлық үшін қала әкімі Жақсылық Мұқашұлына алғыс айтамыз. Оқырмандарымызды қаламыздың тереңірек таныстыратын жаңа фотоальбоммен танысуға шақырамыз, - дейді кітапхана қызметкері Марина Максимова.

Айта кетейік, фотоальбомды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақберен Елгезек пен журналист Мерей Қайнарұлы құрастырған.

Басылымды дайындауға еліміздің талантты деген 18 фотограф қатысқан  көрінеді. Фотоальбомның жеті тақырыптық тарауының әрқайсысында шағын кіріспе мақалалар бар, оның авторлары облыстың белгілі жазушысы Шәкерхан Азмұхамбетов пен ақын Қызырбек Дүргінбай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив