KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 8 м/с, С
445.66 474.58 4.78

Құрылысқа биыл 150 млрд теңгеден астам қаржы салынды - Өскемен

3.12.2022, 10:44 255 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығының құрылыс саласына салынған инвестиция биыл 150 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы қала әкімдігінде хабарлады.

Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, бұл нәтиже былтырғы жылмен салыстырғанда 30 миллиард теңгеден асқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жылдың тоғыз айында құрылыстағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 151 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,8 миллиард теңгеге артық. Инвестициялардың өсу қарқыны 129 пайыздан асады. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 133 мың шаршы метрді құрады, - дейді әкімдіктегілер.

Бұл ретте, құрылыс жұмыстарының көлемі 75 миллиард теңгеден асты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өскеменнің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде құрылыс саласында ең көп бос орындар тіркелгені хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, жылдың 10 айында облыс орталығында үш мыңнан астам тұрғынның жұмысқа орналасқаны айтылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив